Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

МЖӘ жобаларын қолдау бөлігінде Қор жоба бастамашыларына келесі қызметтерді ұсынады:

  • Жоғары білікті кеңесшілердің тартылуымен жобалау құжаттамасын ішінара немесе кешенді әзірлеу (бизнес-жоспарлар, МЖӘ шарттарының жобалары және басқ.);
  • Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың келісуі мен сараптауы барысында МЖӘ жобаларын сабағаттық сүйемелдеу
  • Холдингтің құралдары мен оның кең ауқымды халықаралық байланыстарын пайдалана отырып жергілікті және халықаралық нарықта инвесторлар мен институттарды тарту;
  • МЖӘ шартының тараптары арасында келіссөз жүргізу барысындағы сабағаттық қызметтер.

Қор МЖӘ құралдарының қолданылуымен жобаны іске асыруды қалайтын мемлекеттік органдарға да, жекеше компанияларға да қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік органдар үшін қызметтерді тиімді көрсету мақсатында Қазақстан Ресубликасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулыларымен Қор МЖІ жобалары мен республикалық концессиялық жобаларды сабағаттық сүйемелдеу бойынша заңды тұлға болып анықталды.

Жекеше тұлғалар үшін МЖӘ жобаларын әзірлеу және сабағаттық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді Қор олармен жасалатын қызмет көрсету шарттары аясында көрсетеді. Қор қызметтерінің құны – қызметтерді көрсету мерзіміне, олардың көлеміне және жоба бойынша ақпаратқа, сондай-ақ басқа факторларға қарай анықталады.

МЖӘ жобалары бойынша, сондай-ақ өзге де қызықтыратын мәселелер бойынша Қордың қызметтеріне қызығушылық туған жағдайда, көрсетілген байланыстар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.