Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

Индустриалдық жобаларды қолдау бөлігінде Қор жоба бастамашыларына келесі қызметтерді көсретеді:

  • Жоғары білікті кеңесшілердің тартылуымен жобалау құжаттамасын ішінара немесе кешенді түрде әзірлеу;
  • Холдингтің құралдары мен оның кең ауқымды халықаралық байланыстарын пайдалана отырып жергілікті және халықаралық нарықта стратегиялық және қаржылық инвесторлар мен институттарды тарту;
  • Инвестициялық және/немесе қарыз капиталын тартқан кезде қаражаттың қайтарымдылығы шартымен жобалау кезеңін қаржыландыру.

Өзінің стратегиясына сәйкес Қор индустриалдық жобалар үшін – кемінде 4 млрд. теңге, инфрақұрылымдық жобалар үшін – 7 млрд теңге тұратын өңдеуші өнеркәсіп жобаларына баса назар аударады, бұл ретте Қор үшін келесілер аса басымдықты индустриялар болып табылады:

  • Теміржол саласындағы машина жасау;
  • Ауыл шаруашылық саласындағы машина жасау;
  • Агрохимия;
  • Мұнай-газ химиясы;
  • Көлік-логистика инфрақұрылымы;
  • Туристік инфрақұрылым;
  • Энергетикалық инфрақұрылым.

Экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу қажеттілігіне байланысты, Қор жоғары шектерді – әдетте, үшінші деңгейден төмен емес шектерді өндіруді тұспалдайтын жобалармен жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында жобалау-алдындағы құжаттама дайындау мен инвесторлар тартуды жүзеге асыратын жергілікті және халықаралық компаниялардың көпшілігі әрекет етеді. Алайда, нарықта инвестрларды тартқан кезде бастамашылармен қаржылық тәуекелдерді бөлісуге дайын компаниялар жоқ. Сондықтан, жоба бастамашыларына арналған құндылықты ұсынысты қалыптастыру үшін, сондай-ақ даму институты ретіндегі өзінің функцияларын іске асыру үшін Қор жобаның пысықталу деңгейіне және онымен байланысты тәуекелдеріне қарай құжаттама құнының 50%-ынан 70%-ына дейінгі көлемде жұмыстарды өз бетінше қаржыландыруды жүзеге асырады.

Коммерциялық индустриалдық жобалары бойынша, сондай-ақ өзге де қызықтыратын мәселелер бойынша Қордың қызметтеріне қызығушылық туған жағдайда, көрсетілген байланыстар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.