Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жекеше әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі ұсынымы негізінде  2014 жылғы 18 наурыздағы Құрылтайшылардың жалпы жиналысымен «Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» (ЖСО) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

«Концессиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес ЖСО республикалық концессиялық жобаларды, сондай-ақ егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен өзге жағдай белгіленбеген болса – жергілікті концессиялық жобаларды сабағаттық сүйемелдеу бойынша бірыңғай заңды тұлға болып анықталды.

ЖСО-ның атқарымдық өкілеттіктерінің кеңеюіне байланысты,оның қатысушыларының 2016 жылғы 02 қыркүйектегі кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен ЖСО-ның фирмалық атауы «Kazakhstan Project Preparation Fund» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қор)болып өзгертілді. Қор толық масштабты трансформациялауды жүргізді,оның мақсаты – жекеше жобалармен жұмыс жасау мүмкіндігіне қол жеткізу үшін және мемлекеттік емес инвесторларды тарту үшін Қордың ағымдағы бизнес-үлгісін кеңейту болды.

Мысалы, Қордың миссиясы келесі жолмен Қазақстанды дамыту жобаларына инвестициялар тартуға жәрдемдесу болып табылады:

  • Сапаны жобалау құжаттамасын қажет ететін инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іздеу;
  • Әлеуетті инвесторлар мен кредиттік мекемелердің талаптарына сәйкес осындай жобалар үшін жобалау құжаттамасын әзірлеу;
  • Қайтарымдылық шартымен жобалау құжаттамасын әзірлеуді өз бетінше қаржыландыру;
  • Жобалар үшін қаржылық шешімдер іздеу, соның ішінде жергілікті және халықаралық институттардың, мекемелердің және қорлардың арасынан үлескерлік және борышқорлық қаржыландыруды тарту.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы бола отырып және мемлекеттік даму институты мәртебесін иемдене отырып, Қор ИИДМБ және Нұрлы жол секілді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді түрде жәрдемдеседіжәне экономиканың шикізаттық емес салаларындағы жобаларды қолдау жолымен бәсекеге қабілеттілікті жақсартуды мақсат етеді. Бұл ретте Қор ішкі және экспорттық сұраныстың жоғары әлеуетін иемденетін жоғары бәсекелі өнімге баса назар аударады.

Қордың жарғылық капиталындағы акционерлердің қатысу үлестері:

  • «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (Холдинг) – 97,7 %
  • «Казақстан мемлекеттік-жекеше әріптестік орталығы»акционерлік қоғамы– 2,3 %