Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Бос лауазымның атауы

Кіші талдаушы

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Жобалар скринингі және оларды іріктеу департаменті

Лауазымдық нұсқаулықтан түйінді лауазымдық міндеттер

• Инвестициялық ұсыныстарды бағалау және инвестициялық жобалар бойынша қорытындылар / ұсынымдар дайындау

• Жобалар бойынша тизерлерді, инвестициялық меморандумдарды және өзге де таныстырылымдық материалдарды дайындау/ өзектендіру

• Қаржылық модельдерді құру және жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН), бизнес-жоспарларды, маркетингтік талдауды және т. б. қоса алғанда, жобалық құжаттаманы әзірлеуге / түзетуге қатысу.

• Сыртқы сарапшыларды/консультанттарды (техникалық, заң және т. б.) тарту жөніндегі негіздемелер мен ұсынымдарды қалыптастыру

• Консультанттарға арналған техникалық тапсырмаларды әзірлеу, олардың сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыруы кезінде олармен өзара іс-қимыл жасау

• Әлеуетті инвесторлардың өкілдерімен, оның ішінде өтінімдерді, сондай-ақ жобалық құжаттаманың мазмұны мен сапасына қойылатын талаптарды жинау үшін өзара іс-қимыл жасау

Өтінім бойынша байланысатын тұлға және оның лауазымы

Еркін Жүрсенбаев, жоба басшысы

Бос жұмыс орындарының мақсаты/пайда болу себебі:

Бар болған бос жұмыс орнын толтыру.

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

· Big4-те Transaction advisory-да, инвестициялық компанияларда, тікелей инвестициялар қорларында, халықаралық қаржы институттарында, ҚР ірі банктерінде 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі

· Жоғары қаржы-экономикалық білім (мүмкіндігінше, шетелдік)

· Мүмкіндігінше, CFA, CIA, халықаралық деңгейдегі жобалық басқару бойынша PMI, PMP және т.б. сертификаттарының болуы 

· Бухгалтерлік есеп принциптерін түсіну (ХҚЕС, ұлттық стандарт)

· Қаржылық модельдеу және бизнес құнын есептеу, корпоративтік қаржы, қаржылық талдау, таныстырылымдар дайындау саласындағы білім мен дағдылар

· Upper-intermediate деңгейінен төмен емес дәрежеде ағылшын тілін білу

Жұмыс шарттары:

· Жұмыс режимі: толық жұмыс күні

· Жалдау нысаны: келісімшарт

· Келісімшарттың ұзақтығы: ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл

· Әлеуметтік пакет: д/ж

· Орналасқан жері: Астана қ., Мәігілік Ел даңғ-ы, 55А, 7-қабат., Телефондар: +7 (7172) 79-04-50, E-mail: kense@kppf.kz