«Digital Baiterek» Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақпараттық алаң ұсыну болып табылады.
«Digital Baiterek» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы Қорға жүгінушілерге мынадай мүмкіншіліктерді ұсынады:
- Клиенттерге қолдау көрсетудің барлық мүмкін құралдары бойынша жан-жақты қамтылған ақпарат пен кеңестер алу;
- Жүгіну мәртебесін қадағалау мүмкіндігімен коммуникацияларды сандық түрге көшірудің және қағаз тасушылардан бас тартудың есебінен жүгінулерді жедел түрде өңдеу;
- Ақпараттық сүйемелдеу және клиенттің анықталған талаптарына сәйкес пакеттік қызметтерді таңдау мүмкіндігі;
- Клиенттің жүгінген жеріне қарамастан, қызметтерге толық қолжетімділік;
- Қажет болған жағдайда, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның барлық құрылымдық және еншілес ұйымдарымен клиент жүгінулерінің бірыңғай және бір уақытта кешенді түрде қаралу мүмкіндігі.
Жобалық ұсыныс беру: digital.baiterek.gov.kz