Бюджет қаражатын тиімді пайдалану ҚР Үкіметінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде МЖӘ жобаларын жоспарлауға және іске асыруға дұрыс әдіс қажет. МЖӘ жобаларын сапалы түрде жоспарлауда оларды құрылымдау және жобалық құжаттаманы әзірлеу маңызды рөл атқарады.

МЖӘ жобаларын жоспарлау кезеңіндегі, жобаларды дұрыс құрылымдау, білікті мамандардың жеткіліксіздігі, тараптардың арасында тәуекелдерді дұрыс бөлмеу бөлігіндегі қателер бюджет қаражатының біраз шығындалуына алып келуі мүмкін.

Осы қателердің алдын алу үшін көптеген елдер МЖӘ жобаларын жоспарлау және әзірлеу процесіне жауап беретін жаңа орган құрылатын жүйені енгізді. Біздің елімізде мұндай функцияны «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС орындайды.

МЖӘ жобаларын құрылымдау және дайындау процесі басымды болып табылады, себебі барлық тараптардың: мемлекеттің, бизнестің, кредиттік институттардың және жалпы қоғамның мүдделерін сақтау теңгерімін қамтамасыз ету қажет.

Көптеген елдерде жақсы жұмыс істейтін орталықтардың болмауы жобаларды жоспарлаудың ұзақтығына және мемлекеттік және жекеше әріптестер арасындағы келіссөздердің созылуына, тәуекелдерді бөлуде икемділіктің болмауына және ел бюджетіне туындайтын барлық салдары бар көптеген жобалардың күшін жоюға әсерін тигізеді.

Осылайша, Чехияның тәжірибесі мен дайындығының жетіспеушілігі үкіметті МЖӘ келісімін бұзуға мәжбүр етті. Жеке серіктеспен ұзындығы 80 км D 47 автобан учаскесін салу үшін жобаны іске асырудың оңтайлы институционалдық схемасы ұсынылды. Алайда, мемлекеттік әріптес барлық тәуекелдердің туындау ықтималдығын дұрыс анықтай алмады, оның ішінде жекеше әріптестің төлем төлеу қабілеттілігі мен дәйектілігін бағалай алмады. Нәтижесінде, барлық тәуекелдер мемлекетке ауысты, МЖӘ шарты бұзылып, мемлекет жеке әріптеске ірі тұрақсыздық айыбын төлеуге мәжбүр болды.

Мамандандырылған орталықтарды құрудың артықшылығы МЖӘ жобаларын әзірлеу мен:

  • кредиттік ұйымдарды қоса алғанда, барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып жобаны құрылымдауға мүмкіндік беретін;
  • МЖӘ жобаларын жоспарлау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретін;
  • жобаларды іске асырудың тәжірибелік жағынан кері байланысты ұсына отырып, МЖӘ саясатын одан әрі жетілдіруге көмектесуге мүмкіндік беретін;
  • мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес әрекет ете отырып, мемлекеттік мүдделерді қорғауға және жеке сектордан тәуелсіздікке кепілдік беруге мүмкіндік беретін кешенді жоспарлауда мемлекетке көмек көрсету болып табылады.

Зерделенген елдердің көпшілігінде жобаларды кеңес бере отырып қолдауға арналған МЖӘ орталықтары мемлекеттік деңгейде ел бюджеті есебінен құрылды. Мысалы, Германияда, Ирландияда, Португалияда, Қытайда, Түркияда, Үндістанда, Малайзияда МЖӘ орталықтары ел Үкіметіне есеп беретін жеке құрылымдық бөлімшелер ретінде бөлінген. Бұл ретте, мұндай орталықтарды жеке секторға беру басқарудың, бақылаудың күрделілігіне және мүдделер қақтығысының болуына байланысты сирек кездеседі.

Осылайша, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС МЖӘ жобаларын әзірлеу мен жоспарлауда мамандандырылған заңды тұлға ретінде бюджет қаражатын тиімді пайдалануға көмектеседі.