KPPF индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, бизнестің жол картасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы сияқты экономиканың шикізаттық емес салаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысуда. 

Компания жеке және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып, оларды кейіннен іске асыру үшін қоса қаржыландыру және жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу түрінде инвестициялық жобаларды дамудың ерте сатысында даярлауды жүзеге асырады.   

 

2021 жылы инвестициялар сомасы 14,94 млрд.теңге болатын «Қуаты жылына 15 000 блок болатын көлемді блоктар өндіру зауытын салу» жобасы бойынша қаржылық жабу іске асырылды. Қор жобаның бизнес-жоспарын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетті және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-пен кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етті.

Осы жобаны іске асыру тұрғын үй кешендерін ғана емес, мектептер, ауруханалар, балабақшалар және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуды ынталандыруға ықпал ететін болады. Кәсіпорында индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары енгізілетін болады, бұл өз кезегінде тұрғын үй құнына әсер етіп, оны әрбір қазақстандық үшін әлдеқайда қолжетімді ететін болады.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақтау қаласында қонақ үй кешенінің құрылысы инвестициялық жобасының бизнес-жоспарын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетілді. Осы жобаны «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-та сүйемелдеу шеңберінде KPPF жобаны қаржыландырудың индикативтік шарттарын алуда жан-жақты көмек көрсетті. 

Қонақ үй кешенінің құрылысы 140-қа жуық тұрақты жұмыс орнын құруға, Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар жақын шетелден де туристерді тарта отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етумен, қосымша туристік ағынды арттыруға мүмкіндік береді. Қонақ үй кешенін құру жұмыстары 2022 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта KPPF қызметі жобаларды қолдауға және іске асырылуы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесетін агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергия көздері, металлургия және т.б. сияқты экономиканың басым секторларына инвестициялар тартуға бағытталған.