Компания өкілдері инвестицияларды іздеу және тарту мақсатында, сондай-ақ компанияның және жалпы елдің танымалдығын арттыру мақсатында Стамбұлдық МЖӘ саласындағы озық тәжірибе орталығы (PPP CoE) ұйымдастырған «МЖӘ-нің 6-шы Стамбул апталығы» семинар-тренингіне қатысты.

«МЖӘ-нің 6-шы Стамбул апталығы» Түркияның сауда министрлігімен, DEIK, IFC, EBRD, IsDB сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңеспен бірлесе отырып, әлемнің танымал университеттерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға 30-дан астам ел қатысты. Озық даму институттарының академиктері мен сарапшылары өздерінің үздік практикаларын паш етті. Уақыт факторын ескере отырып ақша құны, пандемиядан кейінгі кезеңдегі инвестициялар, көлік инфрақұрылымындағы МЖӘ жобаларын іске асырудағы табысты практика, ESG − «Неге және қалай іске асыру керек?» деген мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

Таныстырылымдар кезінде қатысушы елдер МЖӘ саласындағы өз тәжірибелерін ұсынды. Біздің қызметкерлер де МЖӘ дамыту тақырыбына таныстырылым өткізді, Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымындағы инвестициялық әлеуетін ашты, сондай-ақ KPPF мүмкіндіктері мен қызметтері таныстырылды.

Таныстырылым қорытындысы бойынша қатысушылар KPPF қызметтері мен жұмыс механизміне қызығушылық танытты. Өзбекстан, Украина, Германия, Түркия сияқты елдердегі әріптестерімен тәжірибе алмасу туралы уағдаластық орнатылды. Сондай-ақ, 1969 жылдан бастап инфрақұрылым құрылысы, энергияны өндіру және үлестіру, туризм сияқты секторларға инвестиция салатын «IC Holding» әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылық байқалды. «Yapı Merkezi Group» компаниясы − Түркияда да, шетелдік нарықтарда да 50 жылдан астам жұмыс істейтін, жылдық айналымы 1,3 миллиард долларға жуық құрылыс компаниясы Қазақстанға үлкен қызығушылық танытты. Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобалары шеңберінде консультациялық қолдау көрсетуге дайын SIEMENS Healthineers компаниясымен келіссөздер жүргізілді.

Бұл іс-шараға қатысу KPPF қызметкерлеріне МЖӘ жобаларын іске асырудағы халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды қабылдауға, халықаралық МЖӘ қоғамдастығымен әріптестікті жолға қоюға, іскерлік байланыстар орнатуға және әлеуетті инвесторлармен өзара қарым-қатынас перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.