Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ

Ұлт денсаулығын нығайту елдің аса маңызды басымдығы болып табылады. Осы басымдықты іске асырудың іргетасы Денсаулық сақтау мекемелерінің инфрақұрылымы мен материалдық базасын құру және қолдау болып табылады.

Ағымдағы жағдай

Әлемде және елде коронавирустық инфекция бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай отандық денсаулық сақтауды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді күшейту жөніндегі түбегейлі шараларға қажеттілікті ашты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша[1] мемлекеттік медициналық ұйымдардың тек 72,5%-ы ғана арнайы техникамен жабдықталған. Медициналық жабдықтар 37%-ға тозған, барлық медициналық техниканың жартысынан көбі 100%-ға пайдаланылады. 272 денсаулық сақтау ұйымы күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, елде төсек-орын санының өте төмен көрсеткіштері байқалады, олардың орташа саны бір ұйымға 200 құрайды. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ақпараты бойынша ҚР ауруханалары денсаулық сақтаудағы ұтқыр өзгерістерге бейімделмеген.[2]

Мемлекеттік қолдау

Мемлекеттік деңгейде Денсаулық сақтау министрлігі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын құрды. Бағдарлама денсаулық сақтау жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүйесін көздейді, сондай-ақ медициналық инфрақұрылым объектілеріне инвестициялық салымдардың спектрі мен көлемін айқындайды. Ұлттық жобаға сәйкес, елімізде медициналық бағыттағы барлық ұйымдарды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыру, төсек қорын 50%-ға жаңарту, ескірген инфрақұрылымды ауыстыру, 20 заманауи көпфункционалды аурухана ашу жүргізіледі.

МЖӘ шеңберінде денсаулық сақтаудың инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру

Қазақстандық МЖӘ орталығының ақпараты бойынша 2021 жылдың қараша айында елімізде 834 жоба іске қосылды, оның 174-і денсаулық сақтау саласына тиесілі. Оның ішінде жобалардың 21%-ы іске асырылды, бұл қаржылық баламада 61,3 млрд.теңгені[3] құрады. МЖӘ механизмі ұзақ мерзімді шарттар негізінде мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік емес инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Мұндай жобаға қатысу жеке бизнеске инфрақұрылым объектілерін салуға, қалпына келтіруге, жаңғыртуға, пайдалануға және басқаруға қаражат салуға мүмкіндік береді.

МЖӘ-нің республикалық жобаларына консультативтік сүйемелдеуінде «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС басты рөл атқарады. МЖӘ механизмі арқылы KPPF-тің қатысуымен 2 ауқымды жоба іске асырылатын болады: Түркістан және Алматы қалаларында жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ауруханалар салу. Жобалар шеңберінде KPPF ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас консультанты  болып табылады және келісімшарт тараптары арасындағы тікелей келіссөздерге қатысуда.

Түркістанда құрылыс алғашқы республикалық МЖӘ жобасы болмақ.

Жобаларды іске асыру институционалдық үлгіге бағынады: жекеше әріптес объектіні салғанда және пайдаланғанда, ал мемлекет медициналық қызметтер көрсетудің кепілі болады.

2025 жылға қарай денсаулық сақтау инфрақұрылымы объектілеріне шамамен бір жарым триллион теңге инвестиция тартылады деп күтілуде, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

[1]  https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/adilet/P1900000982?lang=ru

[2] http://www.rcrz.kz/files/nauka

[3] https://kzppp.kz/projects