Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Халықаралық Ислам Азық-түлік Өнеркәсібі Ассоциациясы («IFPA») мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» еншілес кәсіпорыны «Kazakhstan Project Preparation Fund» («Қор») серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

         Қол қою рәсіміне IFPA Бас директоры Ж.М. Шейх Билал Хан мен Қордың Басқарма Төрағасы Мұрат Жекей қатысты.

         Меморандумның басты мақсаты - IFPA мен Қор арасындағы мемлекеттік емес инвестицияға қатысты жобаларды ұсыну және әзірлеу, исламдық қаржы құралдарын пайдалануда көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту. Атап айтқанда, құжаттың басты мақсаты - әлеуетті ислам инвесторларын тартуда жобалық құжаттарды дайындау,  жобаларды қаржыландыру, ислам қаржысы саласында кәсіби кеңес беруді қарастырады.

         Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту барысына жан-жақты қолдау көрсетіп, Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік саласындағы жобаларының техникалық, әкімшілік ұйымдастыру барысын қамтамасыз етуге келісті. Меморандум Ислам ынтымақтастығы 57 мүше-мемлекеттерінің нарығындағы ислам қаржыландыруын, шариғатқа сай инвестициялық қорлары мен сукух листинг мүмкіншіліктерін пайдалануды қарастырады.  

         International IFPA өкілдері сөз барысында агроөнеркәсіптік саладағы жобаларды жүзеге асыруда жоғары нәтижеге жетуге деген талпыныс үшін Қорға өз ризашылығын білдіретінін атап өтті. Қор басқармася өз кезегінде «аталмыш меморандум еліміздің агроөнеркәсіптік саласын дамыту бағытындағы маңызды бастама», - деп қорытындылады.

Байланыстар:

IFPA – Бизнес және БАҚ-қа сауалдары үшін:

Мейрамбек Исабеков, Әкімшілік басшысы, meirambeki@ifpa-iofs.org, +77077001732

Эльвира Бердаулетова, PR және коммуникациялар бөлімінің бастығы, elvirab@ifpa-iofs.org, +77770216055

 

KPPF – Бизнес және БАҚ-қа сауалдары үшін:

Алданыш Косубаева, талдаушы, a.kosubayeva@kppf.kz +77014883569