"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі "АҚ, оның еншілес ұйымы –"Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС және шетелдік қалалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Корей корпорациясы (KIND) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім Корея президенті Мун Чжэ Инаның мемлекеттік сапары аясында өтіп жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан-Корей бизнес-форумы барысында бекітілді.

Осы құжатқа сәйкес тараптар Қазақстандағы МЖӘ жобаларын жүзеге асыру саласында ынтымақтасуға және осы жобаларға корей инвесторларын тартуға жәрдемдесуге ниетті. Жалпы сомасы 800 млн.АҚШ долларын құрайтын төрт нысанды қарау жоспарлануда.

Атап айтқанда, корей инвесторлары Түркістан облыстық тас жолын, 300 төсектік көпсалалы аурухана салу және пайдалану, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 1265 төсектік бірыңғай университеттік аурухана, сондай-ақ Қарағанды қаласында 300 төсектік университеттік клиника сияқты концессиялық жобаларға қызығушылық танытуда.

"Өздеріңіз білетіндей, инфрақұрылымды дамыту саласындағы корей тәжірибесі әлемдегі ең табыстылардың бірі болып саналады. Сондықтан біз осы жобаларды іске асыруға халықаралық концессионерлерді іріктеуге қатысуға корей әріптестерінің қызығушылығын қолдаймыз", – деп атап өтті холдинг басқармасының төрағасы Айдар Арифханов қол қою рәсімінен кейін журналистерге берген сұхбатында.

Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корей технологияларды дамыту институтымен (KIA) бірлесіп екі елдің өзара пайдасы үшін технологиялық саладағы күш-жігерді біріктіруді жоспарлап отыр. Тиісті меморандумға Айдар Арифханов пен KIAT президентінің міндетін атқарушы Чанмин Хен (Changmin Han) аталған бизнес-форум аясында қол қойды.

Тараптар өнеркәсіптік технологиялар саласындағы инвестициялық жобаларды анықтау және дамыту мақсатында, оның ішінде "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – 2.0 Ұлттық чемпиондары", "World Class 300"  және "жасырын чемпиондар" (Korean Hidden Champion Initiative) корей бастамасы сияқты қолдау бағдарламалары іске асырылғанда өзара қызығушылық танытатын облыстарды зерттеуге ниетті.

"Меморандум Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған және технологиялық өндірістерін қолдау саласындағы ынтымақтастықты көздейді. "Бәйтерек" Холдингінде "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар 2.0" қолдау бағдарламасы бар, оның шеңберінде біздің еншілес ұйымдар оның қатысушыларына шаралар кешенін, оның ішінде қаржылық емес сипаттағы шаралар кешенін көрсетеді. Біздің кореялық әріптестеріміздің ұқсас бағдарламалары бар. Бұл World Class 300 және "жасырын чемпиондар" корей бастамасы. Бұл меморандумды қорытындылай келе, біз бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін білім мен тәжірибе алмасуға және елдеріміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағдар жасап отырмыз", – деді Айдар Арифханов.

Айта кетерлігі, "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар" бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 62-қадамында белгіленген тапсырмасы бойынша әзірленген. Бағдарламаның мақсаты: өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және технологиялық өндірістерін құруға жәрдемдесу.

 

Өз кезегінде, 2010 жылы Оңтүстік Кореяда басталған "World Class 300" мемлекеттік беағдарламасы  салық жеңілдіктерін қолданумен қатар ұлттық чемпиондарға үміткер – экспортқа бағдарланған шағын және орта инновациялық кәсіпорындар үшін технологиялық және консультациялық қолдау шараларының кешенін қарастырады.

Сонымен қатар, бүгінде ынтымақтастық туралы құжаттарды Холдингтің еншілес компаниялары да жасасты. "KazakhExport" Корей сауда сақтандыру корпорациясымен (Sure) бас шартқа, ал "Даму" Қоры Корей ШОБ және стартап агенттігімен (KOSME) келісімге қол қойды.

Холдинг басшысы Айдар Арифханов өз кезегінде осы Корей даму институттарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

 

Анықтамалық:

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына: "Қазақстанның Даму Банкі "АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстандық Ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ, "KazakhExport" ЭСК" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, "QazaТech Ventures" АҚ, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Бәйтерек девелопмент" АҚ, "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС кіреді.

Шетелдік қалалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Корей корпорациясы (KIND) МЖӘ жобалары саласындағы инвестициялық қызметті кеңейту және шетелде бизнесті дамыту үшін корей компанияларына жан-жақты қолдау көрсетеді.  KIND жобаларды іріктеуден, оларды дамытудан және қаржыландырудан бастап тікелей инвестицияларды жүзеге асыруға дейінгі бизнесті дамытудың барлық бағыттары бойынша қолдау көрсетеді.

Корей технологияларды дамыту институты (KIAT) – Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика Министрлігі жанындағы технологиялық саясатты дамыту институты (MOTIE). KIAT алты қоғамдық технологиялық институтты біріктіру жолымен өнеркәсіптік технологияларды дамыту туралы Заңға сәйкес 2009 жылы құрылды. Орталық кеңсе Сеулде орналасқан.