«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «ҚО ЖКАЖБ» ММ) «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

         Жобаның атауы: «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы».

         Жобаны іске асыру саласы: Жоба әуе көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдары саласында өткізіледі.

         Мақсаты және міндеті: Халықаралық стандарттар мен ИКАО ұсынымдарына (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) және Қазақстан Республикасының аумағындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы. Жобаның мақсаты аймақтағы авиацияны дамыту және жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Жаңа әуе терминалының  құрылысы әуе кемелеріне көрсетілетін әуе қызметтерінің сапасын көтеруге, халықаралық стандарттардың талаптарына сай қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз етеді, Қызылорда қаласы әуежайынан (әуежайына), оның ішінде халықаралық  жолаушылар айналымын көбейтуге, сонымен қатар жүк айналымы көлемін өңдеуді көбейтуге мүмкіндік береді.

         «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» МЖӘ жобасының жобалық қуаттылығы:

         Тиімді өткізу қабілеттілігі – сағатына 250 жолаушы;

         Терминал – 2 қабатты;

         Телескоптық траптардың төменгі саны – 2 дана;

         Жер учаскесінің жалпы көлемі – 3,8 га.

         Жобаны іске асыру орны: Қызылорда қаласындағы қолданыстағы халықаралық әуежайдың аумағында.

         МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 5 жыл, оның ішінде:

         Құрылыс кезеңі: 12-18 ай;

         Пайдалану кезеңі: 3 жылға дейін.

         Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (2014 жылғы 14 сәуірдегі
№01-0208/14 «Мемсараптама» РМК-ның қорытындысы) сәйкес, құрылыс мерзімдері шамамен  және болжамды болып табылады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптес 2019 жылдың           29 наурызына дейін «ҚО ЖКАЖБ» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуі керек, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

         Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

         Байланыс үшін:

Макашева Дария 8 (7242) 60-54-77,

e-mail: d.makasheva@korda.gov.kz, dariya.makasheva@mail.ru

 

Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және
15.00- ден 18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) ҚР, Қызылорда қаласы, Облыстық мекемелер үйі,120000, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекен-жайындағы Әкімдік ғимараты, 4 қабат, 429 кабинетінен алуға болады. Көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады.