Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін теміржол құрылысы» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті екі кезеңдік процедураларды пайдаланумен анықтау бойынша конкурстың бірінші кезеңі өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурстың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Мемлекеттік әріптес: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ

Қолданылатын заң: «Мемлекеттік-жекеше әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары, мемлекеттік-жекеше әріптестік және теміржол облысындағы өзге нормативтік құқықтық актілер.

Конкурстың бұл кезеңінде конкурсқа қатысушылар өздерінің қоса беріліп отырған техникалық тапсырмаға сәйкес, сонымен қатар жобаның бар техникалық-экономикалық негіздемесін ескерумен әзірленген техникалық ұсыныстарын берулері қажет (техникалық тапсырмаға 1-қосымша).

Техникалық ұсыныстармен бір уақытта конкурсқа қатысушы оның қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беруі тиіс. Біліктілік талапарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізімі техникалық тапсырмаға 2 қосымшада көрсетілген.

 

Техникалық ұсыныстарды беру мерзімі: 2019 жылғы ____ ақпан, сағ. 15:00-ге дейін.

Техникалық ұсыныстарды төменде көрсетілген мекенжайға жолдауға болады.

Мекенжай: Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 32/1, 1504 кабинет.

Байланыстағы тұлға: Мешітбаев А.М. – ҚР ИДМ Көлік комитетінің Инфрақұрылымдық жобаларды және мобилизациялық жұмыстарды қолдау басқармасының басшысы +7(7172)983560, Кенжетаев Н.А. -  ҚР ИДМ Көлік комитетінің Инфрақұрылымдық жобаларды және мобилизациялық жұмыстарды қолдау басқармасының сарапшысы  +7(7172)983568.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы: +7(7172)983560, 7(7172)983568 немесе  n.kenzhetaev@mid.gov.kz электронық поштасы арқылы хабарласу керек.

Техникалық сипаттамалардың көшірмесі және оған қосымша берілген техникалық-экономикалық негіздеме жоғарыда жазылған мекен-жайлар бойынша конкурсты ұйымдастырушыдан  алуға болады.

Техникалық тапсырма Алматы.pdf