«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өңдеуші өнеркәсіптің экспортқа бағдарланған және технологиялық компанияларын қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) іске қосылғаны туралы Сіздерге қуана хабарлайды.

Бағдарлама шеңберінде «Ұлттық чемпион» мәртебесіне үміткер компанияларға жеке тәсіл қолданылады және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға және оның еншілес ұйымдарына кешенді қолдау көрсетіледі, атап айтқанда:

  • Жеңілдікті қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және үлестік, экспорттық қаржыландыру құралдары
  • Сервистік-технологиялық консалтинг және жобалық құжаттаманы дайындау
  • Жеке тәсіл – әрбір компанияға жеке менеджер бекітіледі және жеке іс-шаралар жоспары әзірленеді

Қатысу үшін мыналар қажет

MS Excel форматындағы өтінімді толтыру және 2018 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, nc@kppf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу. Сондай-ақ, хатқа компанияның Бірінші басшысы қол қойған өтінімнің көшірмесін PDF форматында тіркеу талап етіледі.

 

Қосымша ақпарат

Қосымшада Сіз Бағдарламаның қажетті ақпараты бар таныстырылымын, сондай-ақ өтінім үлгісі мен оны толтыру үлгісін табасыз:

Өтінім нысаны

Толтыру үлгісі

Таныстырылым

Бағдарламаға сілтеме: https://www.baiterek.gov.kz/kk/bsekege-kabiletti-koshbasshylar-ulttyk-chempiondar-20 

Бағдарлама туралы видео:https://youtu.be/L2SQM_MWIQo 

Егер Сізде өтінімді толтыру немесе Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, Сіз жоба басшысы Рүстем Қайратұлы Қасеновке (тел. +7(7172) 91 91 98, эл. пошта: r.kassenov@baiterek.gov.kz), сондай-ақ «Бәйтерек» ҰӘҚ» АҚ менеджерлеріне (тел. +7 (7172) 79 04 00, 79 04 02, 79 04-10 немесе 79 04 54 (ішкі 141),  эл. пошта nc@kppf.kz) жүгіне аласыз.