Биодизель
Жоба туралы
Жобаның бастамашысы |
Жеке инвестор |
||||||||||||||||
Менеджмент |
Компания менеджментінде жобаларды іске асыру бойынша мамандар мен салалық сарапшылардан тұратын кәсіпқойлар командасы бар |
||||||||||||||||
Саласы |
Энергетика (биоотын өндірісі) |
||||||||||||||||
Жобаны іске асыру мақсаты |
Жобада ҚР аумағында қуаттылығы жылына 60-80 мың тонна майлы ауыл шаруашылығы дақылдарынан биоотын өндірісін жолға қою көзделген. |
||||||||||||||||
Жобаның ҚР даму мақсаттарына сәйкестігі |
· Жоба бірнеше мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келеді (2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы, 2013-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы, "Агробизнес - 2020" бағдарламасы). |
||||||||||||||||
Іске асыру кезеңі |
Стратегиялық инвестор іздеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады. |
||||||||||||||||
Орналасқан жері |
СҚО және Павлодар облыстары. |
||||||||||||||||
Инвестициялар |
шамамен 75 млн.АҚШ $ |
||||||||||||||||
Болжамды қаржыландыру көздері |
Капитал (20-30%) Қарыз қаражаты (70-80%) |
||||||||||||||||
Нарық |
Нарықтың дамуын болжамды бағалау дәстүрлі жанармайдың басымдығы сақталған жағдайда биоотын сегментінің біркелкі өсуін көрсетеді. 2030 жылға қарай өңірге байланысты биоотын жалпы энергетикалық тұтынудың 10% - нан 30% - на дейін алуы мүмкін. |
||||||||||||||||
Қуаты |
Жылына шамамен 60-80 мың тонна |
||||||||||||||||
Жоба тиімділігінің көрсеткіштері |
|
||||||||||||||||
Жоба бойынша ағымдағы мәртебе |
· Инвестициялық меморандум мен алдын ала қаржы моделін әзірлеу аяқталды · ЕО мен Қытайға түпкілікті өнімді өткізуге арналған алдын ала оффтейк келісімшарттарға қол қою мәселесі пысықталуда · Жобаның бастамашысы негізгі жабдықты пайдалануға эксклюзивті құқыққа ие · Жоба бастамашысы мен KPPF ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) арасында жобаны қаржылық жабу бойынша қызметтер көрсету шартына қол қойылған · Жобаға қатысуға ниетті әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. |
||||||||||||||||
Қордың жобаға қатысуы |
Қор қаржыландыруды тарту және жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді. |