Жоба туралы
Жобаның бастамашысы |
«THEME PARK» ЖШС – негізгі міндеті «HAPPYLAND» брендімен көпфункционалды отбасылық ойын-сауық кешенін салу болып табылатын инвестициялық компания, Қазақстан Республикасының туристік әлеуетін дамыту шеңберінде Компания «HAPPYLON» сауда маркасының әзірлеушісі және иесі «GT» ЖШС-мен бірлесіп, «HAPPYLAND» сауда белгісімен біріккен ашық парк жұмысының жаңа тұжырымдамасын, ашық парк жұмысының жаңа стандарттары мен әдіснамасын әзірледі. Компания иесі HAPPYLON жабық ойын-сауық парктері желісінің негізін қалаушы болып табылады. HAPPYLON компаниялар тобы Қазақстанда және ТМД-ның басқа да елдерінде 10 нысаннан тұратын желіні дамыта отырып, 10 жыл ішінде бизнесінің он есе ұлғаюына қол жеткізді. |
Менеджмент |
Компания топ-менеджменті ойын-сауық саласында 70 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар кәсіпқойлар командасына (7 негізгі ТОП-менеджерлер мен кеңесшілер) ие. |
Сала |
Туристік сала |
Жобаны іске асыру мақсаты |
Жобаның басты мақсаты — Қазақстан мен Орталық Азия тұрғындарына әлемдік деңгейдегі ойын-сауық паркіне бару тәжірибесіне ие болу мүмкіндігін ұсыну |
Жобаның ҚР даму мақсаттарына сәйкестігі |
Жоба 2023 жылға дейін туристік индустрияны дамытудың бекітілген мемлекеттік тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстанда туризмді дамыту және Алматыда алты мәдени және туристік кластердің бірін құру мақсаттарына сәйкес келеді |
Іске асыру кезеңі |
2018-2024 жж. |
Орналасқан орны |
Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ кенті (Алматы қаласынан солтүстік бағытта 23 км.). Көлемі 193 га жер учаскесі. |
Инвестициялар |
$117 млн АҚШ долл. |
Болжамды қаржыландыру көздері |
Капитал (20-30%):
|
Нарық |
Қазақстандағы ойын-сауық индустриясы нарығы $680 млн. АҚШ долларымен бағаланады және одан әрі (жылдық) тұрақты ұзақ мерзімді өсуді көрсетеді. Нарықтағы аттракцион парктері ескірген және халықаралық стандарттарға сай келмейтін шағын аквапарктерден тұрады. |
Келу саны |
Жылына орташа 1,7 млн. келуші |
Жобаның тиімділік көрсеткіштері |
NPV – 9,7 млрд. теңге IRR – 18,9% PP – 7,7 жыл DPP – 12,5 жыл |
Жоба бойынша ағымдағы мәртебе |
Жоба бойынша алдын ала шеберлік және бизнес-жоспарлар, қаржы моделі әзірленді. Халықаралық инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет тарапынан жер учаскесін, қажетті инфрақұрылымды және басқа да преференцияларды бөлу бойынша жұмыстар жалғасуда. |
Қордың Жобаға қатысуы |
Қор қаржыландыруды тарту және жобалық құжаттама әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жоспарлауда. |