Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

IСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБА: Қазақстан Республикасының Ауылдық елдімекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету

Жоба туралы

Жобаның паспорты

Жобаның мәртебесі

2018 жылғы 4 қазанда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі атынан мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестер арасында МЖӘ шарттары жасалды.

Жеке әріптестер:

1) «Қазақтелеком» АҚ;

2) «Транстелеком» АҚ және «SilkNetCom» ЖШС консорциумы.

Келісімшарт түрі

1249 елдімекендегі мемлекеттік және бюджеттік мекемелер үшін ТОБЖ технологиясы бойынша  кең жолақты интернетке қолжетімділік қызметтерін ұсынуды көздейтін МЖӘ шарттары.

Мемлекеттік әріптес

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Саласы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)

Жобаны іске асыру мақсаты

Осы жобаның мақсаты мемлекеттік және бюджеттік мекемелер, жеке ұйымдар және 500 адамнан астам халқы бар ауыл(1249 Ауыл) тұрғындары үшін оптикалық-талшықты телекоммуникацияларға қолжетімділікті кеңейту болып табылады.

Іске асыру кезеңі

2018-2032 жыл (14 жыл).

Құрылыс құны

Жоба құны:

№ 1 МЖӘ шарты бойынша: инвестициялардың жалпы мөлшері - 52 610 104 мың теңге, ҚҚС есебімен (20% меншікті капитал, 80% - қарыз).

№ 2 МЖӘ шарты бойынша: инвестициялардың жалпы мөлшері - 21 000 000 мың теңге, ҚҚС есебімен мың теңге (20% меншікті капитал, 80% - қарыз).

Жобаның техникалық-технологиялық параметрлері

Ауылдық елдімекендер тұрғындары үшін елдімекенге байланыс арнасының жалпы өткізу қабілеті кемінде 50 Мбит/с талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясын пайдалана отырып, жерүсті инфрақұрылымы арқылы кең жолақты Интернетке қолжетімділік (КЖҚ) қызметтерін көрсету.

Оң әсерлер

Тікелей нәтижелер:

1) талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты байланыс қызметтеріне Қазақстан Республикасының 1249 ауылдық елдімекеніндегі мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемеде 3718 нүктені   қосу;

2) Қазақстан Республикасының 1249 ауылдық елдімекендерінде мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелердің 3718 нүктесін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

3) тіркелген байланыс операторлары 1249 ауылдық елдімекендегі тұрғындар мен жеке компаниялар үшін  тіркелген кең жолақты Интернетке қолжетімділік қызметтерін дамытуға жағдай жасауы;

4) мобильдік байланыс операторларының 1249 ауылдық елдімекен тұрғындары мен жеке компаниялар үшін мобильдік кең жолақты интернетке қолжетімділік қызметтерін дамытуға  жағдай жасауы;

5) 2031 жылға қарай ЖІӨ-нің 2% - ға дейін өсуін қамтамасыз ету:

Жыл

2018 жыл

2020 жыл

2025 жыл

2030 жыл

2031жыл

ЖІӨ өсімі, %

0,1%

0,3%

0,8%

1,8%

2%

 

6) Салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз ету:

Жыл

2018 жыл

2020 жыл

2025 жыл

2030 жыл

2031жыл

Салық түсімдерінің өсуі, млрд. теңге

2,771

8,314

22,170

49,883

55,426

Жобаның қоршаған ортаға әсері

Қоршаған ортаға әсер ету деңгейі минималды деп анықталған. Бұл ретте, МЖӘ шарттарына сәйкес жекеше әріптестер Қазақстан Республикасы қабылдаған, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез келген халықаралық міндеттемелерді сақтау міндеттемелерін алды.

Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жеке әріптестер міндетті:

1) нүктелерді қосу үшін қажетті жұмыстарды жүргізу және инфрақұрылымды пайдалану кезінде тартылған персоналдың қауіпсіздігіне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға және бақылауға;

2) Инфрақұрылымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес инфрақұрылымды пайдалану нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың мөлшері мен химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;

4) жұмыстарды жүргізуде оң тәжірибені басшылыққа ала отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды, сондай-ақ жеке меншікті жою қатерін болғызбау жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға;

5) Инфрақұрылымды пайдалану кезінде Жекеше әріптестің жұмыстарындағы экологияға келтірілетін залалды барынша азайтуға бағытталған, экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа да іс-шараларды өткізуге міндетті.

KPPF-тің Жобадағы  рөлі

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жеке әріптестерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезеңінде жобаны консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету.

Жобаның сипаттамасы

Internet Live Stats талдаушыларының ақпараты бойынша Қазақстан интернет-пайдаланушылар саны  (бір жылда 1,8% - ға ұлғайып, 9,9 млн адам) 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 43-орында (әлемнің 201 елінен), 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстанда Интернетке кіру  55,8% - ды құрайды.

Қазіргі уақытта кең жолақты интернет әлемдегі экономикалық және әлеуметтік дамуға жоғары әсер етеді. Дамыған елдің ЖІӨ-гі Интернет – экономиканың үлесі  7% - ға дейін жетеді, бұл білім беру, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі сияқты салалардың үлесінен асып түседі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  дамыған магистралдық ТОБЖ-сы бар екі магистралдық оператор бар, олар елдімекендерді КЖҚ-ға қосуды жүзеге асырады, сондай-ақ ауылдық елдімекендерде әмбебап қызметтер көрсетеді.

ҚР АКМ 1249 АЕМ  тізбесінен Тұжырымдамаға енгізу үшін  келесі өлшемшарттар негізінде қалыптастырылды:

-АЕМ-нің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы (аудан орталықтары, ауылдық округ орталықтары және тірек АЕМ);

- АЕМ-нің аудан орталықтары мен қалалардан аса алыс болмауы;

- халық саны (500+);

- ауылда ЖАО, білім беру және медициналық ұйымдардың болуы (2 және одан көп);

- АЕМ-нің қолданыстағы магистралдық ТОБЖ-дан аса алыс болмауы.

Жоба 1249 ауыл бойынша 3718 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемені біріктіре отырып, 2,4 млн.тұрғынды қамтиды. Бұл цифр облыстардың (аудандардың) жоғары жылдамдықты кең жолақты желімен қосылатын 7,75 миллион резидентінің елу пайызын және Қазақстан Республикасының жалпы халқының жиырма алты пайызын (26%) (2017 жылы 18 миллион) көрсетеді.

Ауылдарда кең жолақты қосылыстар орнату «Цифрлық Қазақстан - 2020»мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады. Бағдарлама қашықтықтан оқыту, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының көмегімен ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, қашықтықтан жұмыс істеу (telework), қолда бар телемедицина қызметтерін алу үшін азаматтар үшін мүмкіндіктер жасау жағдайларын көздейді. Бұдан басқа, бағдарлама экономиканың негізгі салаларына зияткерлік жүйелерді барынша енгізу арқылы неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономика құруға арналған.

Қаралып отырған Жоба шеңберінде халқының саны кемінде 500 тұрғыны бар  АЕМ-дегі мемлекеттік органдар мен бюджеттік мекемелер үшін КЖҚ қызметтерін ұйымдастыру жоспарлануда.  Жоба бойынша ұйымдастырылатын талшықты-оптикалық Инфрақұрылым ұялы байланыс операторларына ауылдық елдімекен тұрғындарын 2021 жылға дейін ауылдық елдімекендерді (500 адамнан астам тұрғыны бар) 3G байланыс қызметтерімен қамту бойынша ұялы байланыс операторларының міндеттемелеріне сәйкес мобильді кең жолақты қолжетімділік қызметтерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұйымдастырылатын талшықты-оптикалық Инфрақұрылым тіркелген байланыс операторларына өздерінің инвестициялық бағдарламалары шеңберінде ауылдық елдімекен тұрғындары үшін B2C сегментінде тіркелген кең жолақты қолжетімділік қызметтерін дамытуға мүмкіндік береді.