Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБА: «Өңірлік тестілеу және педагогикалық құзыреттілік орталығы»

Жоба туралы

Жобаның мәртебесі

2019 жылы Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік әріптес ретінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен жекешелік әріптес ретінде әрекет ететін «U-Future» ЖШС арасында 2027 жылға дейін МЖӘ Шарты жасалды.

Келісімшарт түрі

МЖӘ Шарты, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, білім беру ұйымдарының типтері мен түрлеріне қарамастан сыртқы бағалаудың барлық түрлерін жүргізу үшін арнайы жабдықталған компьютерлік тест орталықтарын құруды көздейді

Мемлекеттік әріптес

Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Саласы

Білім беру

Жобаны іске асыру мақсаты

- оқушылардың/тестіленушілердің ҰБТ-ға және тестілеудің басқа да түрлеріне дайындығының тиімділігін арттыруға ықпал ету;

- ҰТО-н ҚР аумағында тестілеудің кейбір түрлерін   өткізу процедураларының жүктемелілігін жеңілдетуді  қамтамасыз ету;

- студенттермен/талапкерлермен, мұғалімдермен және тестілеу процесінің басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу үшін платформа құру;

- әрбір қазақстандық оқушыға консультациялық және әдістемелік көмек көрсете отырып, алдын-алау сынау тестілерінен өту арқылы ҰБТ-ға дайындық мүмкіндігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- талдама мен кері байланыс, ұсынымдар мен біліктілікті арттыруға арналған құралдар әзірлеу арқылы оқытушылар құрамының сапасын жақсартуға ықпал ету;

·             - Қазақстандықтардың мемлекетке деген сенімін арттыру, бұл қазіргі заманғы нарықта білімге деген қажеттілікті ашық шекаралармен қанағаттандыруды қамтамасыз етеді..

Іске асыру кезеңі

МЖӘ Шарты 8 жылға жасалды

Құрылыс құны

1 368 450 мың теңге.

Жобаның техникалық-технологиялық параметрлері

Тестілеу (сессия) нәтижелерін өткізу және өңдеу кезеңінде бағдарламалық жасақтамада 

бір уақытта 100 000-нан астам жеке пайдаланушы және 100 000-нан астам корпоративтік пайдаланушы болады, сессия саны шектеусіз болуы мүмкін.

Оң әсерлер

·        тәуелсіз тестілеу нарығын ұйымдастыру, компьютерлік тестілеуді қолдана отырып, мемлекеттік тестілерді өткізу, оқушылардың білім деңгейінде «ақ дақтарды» анықтау

Жобаның қоршаған ортаға әсері

Жобаның қоршаған ортаға әсер ету деңгейі минималды.

Жобадағы KPPF рөлі

Жекеше әріптеске консультациялық қызметтер көрсету

 

Жобаның сипаттамасы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде Жекеше әріптес республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, TOEFL IBT емтиханын өткізуге арналған ETS ұйымының тест орталықтарының үлгісі бойынша білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлеріне  қарамастансыртқы бағалаудың барлық түрлерін (дыбыстық және визуалды сәйкестендіру жүйесі, сондай-ақ бейнетіркеуіштер)жүргізу үшін арнайы жабдықталған компьютерлік тест орталықтарын құрады  Әрбір өңірде жалпы саны кемінде 150 орыннан тұратын  орталықтың немесе бірнеше орталықтың болуы қамтамасыз етіледі.