Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

IСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБА: «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» автомобиль жолын салу және пайдалануға беру

Жоба туралы

Жобаның мәртебесі

2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы оның атынан Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Alsim Alarko Sanayi Tesisleri ve Ticaret A.Ş., Makyol Inşaat Sanayi Turizm ve Ticaret A.Ş., SK Engineering & Construction Co., Ltd., Korea Expressway Corporation компаниялары кіретін консорциум арасында концессия шарты жасалды.

Келісімшарт түрі

Концессионердің кейіннен мемлекет меншігіне берілетін, концессия объектісін құруын қарастыратын концессия шарты

Концедент

ҚР индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Жобаны іске асыру мақсаты

·         «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы-Қорғас» және «Алматы–Қарағанды-Астана - Петропавл» халықаралық дәліздерінің қиылысында Алматы қаласының шегінен тыс транзиттік ағындарды шығара отырып,  Алматы қаласының айналасында қазіргі заманғы жоғары технологиялық айналма жол салу

·         Алматы қаласына «кіреберіс» болып табылатын негізгі автомобиль жолдарында көлік ағындарын жеңілдеті және көлік «кептелістерін»  болдырмау

Жобаны іске асыру кезеңі

07.02.2018-31.12.2037

 

Құрылыс құны

150,6 млрд теңге

Жобаның техникалық-технологиялық параметрлері

Ұзындығы – 66 км (1-А санаты, 6-жолақты)

Көпір – 21 дана.;

Жол өтпелері-19 дана

Жол айрықтары - 7 дана;

Әр түрлі деңгейдегі қиылыстар-13 дана;

Қозғалыстың есептік жылдамдығы сағатына 150 км-ге дейін;

Көлік қозғалысының болжамды қарқындылығы орташа алғанда тәулігіне 38 мың көлікке дейін 

Оң әсерлер

ҮАААЖ жобасы экономикалық табыстылықтың жоғары деңгейін екі себеп бойынша қалыптастыратын болады. Біріншіден, жаңа жол қала орталығындағы көлік қозғалысы мәселесін шешеді, бұл уақытты үнемдеуге және автокөлік жүргізушілері үшін көліктің шығындарын азайтуға әкеледі. Экологиялық талдау көрсеткендей, қала ішіндегі қозғалыстың азаюы адам денсаулығына зиянды атмосфералық ластануының және шудың  төмендеуіне әкеледі. Автокөлік жүргізушілері төлейтін жол жүру ақысынан ҚҚС және концессионер мен автомагистраль бойынша басқа да кәсіпорындар төлейтін табыс салығы мемлекеттік қолдаудың ішінара өтемақысын қамтамасыз етеді.

Жобаның қоршаған ортаға әсері

Жоба бойынша Концессионердің қоршаған ортаға келесі ықтимал теріс әсерлерді жұмсартатын бірқатар іс-шараларды орындауы қарастырылады:

·         автокөлік қозғалтқыш газдарымен ауаны ластау;

·         табиғи ортаны құрылыс жұмыстарында пайдаланылатын жол-құрылыс машиналары мен механизмдерімен ластау;

·         техника мен жабдықтың және әртүрлі құрылыс жұмыстарының әсерінен болатын шу;

·         автокөлік қозғалысы кезінде, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарын тасымалдау кезінде тозған жол жамылғысы өнімдерімен мен көліктердің шиналарының шаңымен ластануы;

·         жол-құрылыс материалдарын өндіру, топырақты өңдеу, жер төсемі мен жол төсемін салу кезінде өндірістік қызмет өнімдерімен ластану;

·         жолға жақын топырақ жамылғысының, өсімдіктер түрлерінің,  жер бетіндегі су көздерінің ықтимал ластануы;

·         құстардың ұя салатын орындары мен жануарлардың тіршілік ету ортасының бұзылуы.

KPPF-тің Жобадағы  рөлі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары Комитетіне жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету, соның ішінде:

·         концессиялық ұсыныс әзірлеу;

·         конкурстық құжаттама әзірлеу;

·         концессия шартының жобасын әзірлеу;

·         шартқа қол қойғанға дейін конкурсқа қатысушылармен келіссөздер процесінде консультациялық қызметтер;

  • концессионердің кредиторларымен тікелей келісімді бағалау және пысықтау.

Жоба Алматы қаласының айналасында Көлік және экологиялық жүктемені төмендету мақсатында айналма жол салуды көздейді.

Концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде туындаған концессия объектісі оны жасағаннан кейін автожол саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті) теңгеріміне мемлекеттік меншікке беріледі. Концессия шартында концессионердің концессия объектісін мемлекеттік меншікке бергеннен кейін де оны пайдалану құқығы да көзделеді.

  • Концессионердің шығындарды өтеу мен кірістер алу көзі концессия объектісі үшін төлем алуы болып табылады.
  • Қолжетімділік үшін төлем концессионерге пайдалану кезеңі ішінде төленеді және келесі компоненттерден тұрады:
  • Инвестициялық шығындарды өтеу
  • Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы

           Концессия объектісін басқарғаны үшін сыйақы

  • Айналма автомобиль жолы Алматы қаласының орталығынан 20-25 км қашықтықта Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағы арқылы өтеді.