Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

IСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБА: Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысы, пайдалануға беру және басқару

Жоба туралы

Жобаның мәртебесі

2020 жылғы 10 мамырда "Түркістан облысының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы" ММ мен "Turkistan International Airport" ЖШС арасында МЖӘ Шарты жасалды. Әуежайдың ресми ашылуы 2020 жылдың 28 қыркүйегінде өтті

Келісімшарт түрі

МЖӘ Шарты, МЖӘ объектісінің құрылысы және оны одан әрі  жекеше әріптестің пайдалануы және басқаруымен, мемлекет меншігіне пайдалануға берілуін қарастырады.

Мемлекеттік әріптес

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ тұлғасында Түркістан облысының әкімдігі  қатысады

Саласы

Азаматтық авиация

Жобаны іске асыру мақсаты

Өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыдан кем емес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын салу, пайдалану және басқару.

Іске асыру кезеңі

Іске асырудың жалпы мерзімі: 4 жыл

Инвестициялық кезең: 2020 жыл (1 жыл)

Инвестициядан кейінгі кезең: 2021-2023 (3 жыл)

   

Жобаның техникалық-технологиялық параметрлері

Әуежайдың ауданы 905 га құрайды, жолаушылар терминалының ауданы 10,5 мың ш.м., екі телескоптық отырғызу басқышы бар.

Ұшу - қону жолағының параметрлері - 3300X (7.50+7.50)

Әуежайдың жіберу сыйымдылығы - сағатына 450 жолаушы

   

Оң әсерлер

·                    Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежай салу.

·                    Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар/қаражат тарту

·                    Халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру. Жоба аясында 1200-ден астам жұмыс орны ашылады

·                    Қазақстанда авиация өнеркәсібін дамыту

·                    Қазақстан Республикасының, Түркістан облысының және Түркістан қаласының туризм индустриясы мен инфрақұрылымын дамыту

·                    Технологияларды дамыту

·                    Тікелей халықаралық рейстер Түркістан өңірінің тарихи және рухани құндылықтарының маркетингіне оң әсер етеді

·                    Аймаққа баратын адамдар үшін жайлылықты арттыру

·                    Өзбекстаннан (Ташкент) жолаушыларды тарту мүмкіндігі және Түркістаннан трансфер мүмкіндігі

·                    Өңір үшін әлеуметтік-экономикалық пайда

·                    Халықаралық тәжірибесі және жекеше әріптестің біліктілігі бар мемлекеттік әріптеске тиесілі МЖӘ объектісін басқару тиімділігін арттыру

·                     Бюджет қаражатын тиімді пайдалану

Жобаның қоршаған ортаға әсері

Кәсіпорынның жұмыс істеу тәуекелімен байланысты ықтимал қауіптер табиғи факторлардың да, антропогендік факторлардың да әсерінен туындауы мүмкін. Жобада жергілікті климаттық жағдайларды ескере отырып, барлық объектілердің құрылысы қарастырылған.

Қоршаған ортаға әсер ету деңгейі рұқсат етілген.

Жобада кәсіпорынның өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы ережелерінің, нормативтерінің, нұсқаулықтары мен стандарттарының жүйелерін сақтау көзделген, бұл объектінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсер етуін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және толық көлемде орындау кезінде төтенше жағдайлардың пайда болуы және сәйкесінше экологиялық қауіпі деңгейі  анғұрлым төмендейді.

KPPF-тің Жобадағы  рөлі

Жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі мемлекеттік әріптеске қызметтер көрсету, оның ішінде:

·         жобаны іске асыру қажеттілігіне бағалау жүргізу;

·         әлеуетті жекеше әріптестің заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау;

·         мемлекеттік және жеке әріптестер арасындағы келіссөздерге қатысу;

·         тікелей келіссөздер бойынша комиссия отырыстарын жүргізу;

·         уәкілетті органдар мен ұйымдармен келісу және сараптама жүргізу барысында жобаны сүйемелдеу;

·         келіссөздерге қатысу арқылы МЖӘ шартының жобасын бағалау;

·         жобаны коммерциялық жабуға дейін жеткізу (МЖӘ шартын жасасу).

Түркістан әуежайы 28 қыркүйекте ашылды. Әуежайдың ауданы 905 га, жолаушылар терминалының ауданы - 10,5 мың ш.м, ал өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы.

Терминал жылына 3 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Бірінші кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан мен Алматыға, одан әрі Қазақстанның басқа да облыс орталықтарына рейстер ашатын болады. Сонымен қатар, Turkish Airlines авиакомпаниясы Стамбулға рейстер ашуды жоспарлап отыр. Түркістан әуежайы шетелдік әуе компанияларының ұшулары үшін "ашық аспан" режиміне қосылады деп жоспарлануда. Әуежай құрылысы 2019 жылдың мамыр айында басталды. Инвесторы - YDA Group түрік компаниясы әуежай салумен айналысады. Жеке серіктес - жобалық компания "Turkistan International Airport" ЖШС болып табылады.

МЖӘ Шарты МЖӘ объектісін жеке әріптестің одан әрі пайдалануымен және басқаруымен МЖӘ объектісін салуды, жарақтандыруды және мемлекет меншігіне беруді көздейді.

 МЖӘ жобасы бойынша бюджеттен 3 жыл бойы болжанатын төлемдер: инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ), операциялық шығындардың өтемақысы (ОШӨ), басқару  үшін сыйақы(ЖҚҚ).

Объектінің орналасқан жері: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Шаға ауылы. Түркістан қаласынан қашықтығы-16,3 км.