Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

IСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБА: Авиажолаушылар туралы деректерді жинау бойынша автоматтандырылған жүйені құру және енгізу

Жоба туралы

Жобаның мәртебесі

2018 жылы  Қазақстан Республикасы атынана мемлекеттік әріптес ретінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі тұлғасында  және жеке серіктес ретінде әрекет ететін «Qazaqstan Identity & Security» ЖШС тұлғасында МЖӘ Шарты жасалды.

Келісімшарт түрі

МЖӘ Шарты, жеке серіктестіктің APCAS ақпараттық жүйесін орнатуы мен техникалық қызмет көрсетуін қарастырады.

Мемлекеттік әріптес

Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Саласы

Азаматтық авиация

Жобаны іске асыру мақсаты

Жобаның мақсаты ретінде келесілер анықталған:

·             авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру;

·             қоғамдық тәртіп деңгейін арттыру;

·              «Көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының авиажолаушылар туралы мәліметтер жинауға қатысты 24-2-бабын  іске асыру.

Іске асыру кезеңі

МЖӘ шарты 10 жыл мерзімге жасалды

Құрылыс құны

5 029 929 мың теңге.

Жобаның техникалық-технологиялық параметрлері

APCAS жүйесі келесі автоматтандырылған функцияларды қамтиды:

•      Авиакомпанияларды автоматты түрде қосу функциялары

•      Авиажолаушылар туралы ақпаратты автоматты түрде жинау функциялары

•      Авиажолаушылар туралы ақпараттың сапасын арттыру функциялары

•      Авиакомпаниялардың Web-порталының функциялары

•      Іздестіріліп жатқан адамдардың тізімі бойынша скринингті және бейіндеуді қамтитын авиажолаушылар туралы ақпаратты жедел талдау функциялары

•      Авиажолаушылар туралы деректерді іздеу функциялары

•      Іздеуге сұрау салуларды басқару функциялары

•      Деректердің құпиялылығын сақтау функциялары

•      Пайдаланушыларды басқару функциялары

Оң әсерлер

·        Қазақстанның Азаматтық авиациясының API/PNR жүйесін енгізу және қолдау бөлігінде ICAO талаптарына сәйкестігі;

·        Даму дәрежесі ДЭФ-тің жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның жағдайына тікелей барабар жақсы дамыған көлік инфрақұрылымы желісіне қол жеткізуге жәрдемдесу;

·        Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті үшін жылына 10 млн. жолаушы туралы деректерді өңдеуге қабілетті авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйені орнату;

·        МЖӘ шарты қолданылуының 10 жылдық кезеңі ішінде авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеу;

·        «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» стратегиялық құжатын сапалы іске асыру үшін жағдай жасау (Қазақстан аумағы арқылы авиатранзиттің тартымдылығын арттыру);

·        «Көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-2-бабын авиажолаушы туралы мәліметтер жинау бөлігінде орындау;

·        Авиациялық қауіпсіздікті арттыру;

·        Халықаралық және транзиттік авиатасымалдарды ұлғайтуға ықпал ету;

·        ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес келу арқылы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі имиджін арттыру, бұл туризмді дамытуға оң әсерін тигізеді;

·        Азаматтық авиация органдарының ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану:

·        APCAS ақпараттық жүйесінде мемлекеттік және халықаралық деңгейде азаматтық авиация органдарының өзара әрекеттесуінің катализаторы болу мүмкіндігі бар;

·        Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

Жобаның қоршаған ортаға әсері

Жобаның қоршаған ортаға әсер ету деңгейі минималды.

KPPF-тің Жобадағы  рөлі

Жекеше әріптеске консультациялық қызметтер көрсету

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында Консорциум APCAS ақпараттық жүйесін орнатуды және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Idemia Identity & Secuirity компаниясы API және PNR деректерін жинау және өңдеу бойынша бірегей ақпараттық жүйені әзірледі. Idemia Identity & Secuirity компаниясы APCAS-қа қатысты Зияткерлік меншік құқығына ие және Шарттың МЖӘ шарттарына сәйкес Қазақстанның мемлекеттік органдарына  APCAS жүйесін пайдалануға мүмкіндік беру ниеті бар.

Idemia Identity & Secuirity компаниясы «әзірлеуші/Редактор» бағанында «Idemia Identity & Secuirity» ретінде тізімделген төменде көрсетілген барлық өнімдер мен бағдарламалық қамтамасыз ету компоненттерінің бағдарламалық жасақтамасын әзірлеуші және шығарушысы болып табылады және Idemia Identity & Secuirity компоненттерінде зияткерлік меншіктің барлық ерекше құқықтары бар. Бағдарламалық жасақтамаға кіріктірілген, басқа атпен белгіленген барлық ішкі компоненттер (Idemia Identity & Secuirity емес) ерекше лицензиялық құқықтармен қамтамасыз етілген.