Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

Мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруға табыстау

Жоба туралы

Келісімшарттың түрі

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруды көздейтін мемлекеттік-жекеше әріптестік шарты

Жобаның бастамашысы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» РММ

Сала

Кешенді әкімшілік-басқарушылық қызмет көрсету

Жобаны іске асырудың мақсаты

-   мемлекеттік қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту;

- мүлікке қызмет көрсету бойынша профильді емес функцияларды бәсекелі ортаға табыстау жолымен мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру;

- тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алудың мемлекеттік рәсімдерінен бас тарту жолымен мүлікке қызмет көрсету бойынша күтілмеген мәселелерді уақытылы және тиімді шешу;

- дұрыс менеджментті қолдану жолымен мүлікке қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынудың сапасын арттыру;

Іске асыру кезеңі

2019 – 2025 жж.

Жобаның болжалды құны

3,6 млрд. теңге

Өндірістік көрсеткіштер

36 мың. текше м аумақта 34 жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету.

Күтілген нәтиже

- мүлікке қызмет көрсету бойынша профильді емес функцияларды бәсекелі ортаға табыстау жолымен мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру;

- экономика салалары бойынша шағын және орта бизнестің өсімі: құрылыс (күрделі және ағымдағы жөндеу);

Жобаға KPPF қатысуы

Жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу, конкурс кезеңінде Жобаны сабағаттық сүйемелдеу, МЖӘ шартына қол қоюға жәрдемдесу.

Жобамен «ҚР ҚМ ММЖК Шығыс Қазақстан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған 15 аудан орталығы мен 4 облыстық маңызы бар қаласындағы республикалық мүлікті (34 мүліктік кешен) сенімгерлікпен басқаруға табыстау қарастырылады, мұнда Жекеше әріптес қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды сатып алу/көрсету жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады, атап айтқанда: әкімшілік ғимараттарға ағымдағы жөндеу жүргізу, Қазақстан Республикассы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысындағы ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету және республикалық мүлікті ұстау мен қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен жабдықты жөндеу бойынша.

МЖӘ шартына қол қойылғаннан кейін республикалық мүліктің меншік иесі (34 МЖӘ нысаны) «ҚР ҚМ ММЖК Шығыс Қазақстан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» болып қалады, ал теңгерім ұстаушы – Жекеше әріптес болады.

Мүлікке өкім ету құқығы сенімгерлікпен басқару шеңберінде табысталмайды, пайдалану құқығы да жылжымайтын мүліктің тағайындалу мақсатымен шектеледі.

Республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқару аясында ағымдағы шығындарды жабу және ағымдағы жөндеуді қаржыландыру үшін Жекеше әріптестің жеке және қарыз қаражаттарын тарту жоспарлануда. Жобаны іске асырудың базалық сценариі аясында Жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңінде Жекеше әріптестің жұмсайтын шығындары оған пайдалану кезеңінде өтемделеді. Ағымдағы жөндеуді жүргізуге арналған жеке қаражаттың көлемі 10%-дан кем болмауы тиіс.