Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

АҒЫМДАҒЫ ЖОБА: Түркістан қаласында көпбейінді аурухана салу және оны пайдалануға беру (тікелей келіссөздер)

Жоба туралы

Жобаның мәртебесі

Жобаның бизнес-жоспарын талқылау үшін алдын ала келіссөздер

 

Келісімшарт түрі

 МЖӘ объектісі пайдалануға берілгеннен кейін, мемлекеттік меншікке бере отырып, оны  жекеше әріптестің қаржыландыруын, жобалауын, құрылысын және басқаруын қарастыратын МЖӘ Шарты. Жекеше әріптес МЖӘ шартының қолданылу мерзімі ішінде МЖӘ объектісін техникалық пайдалануды жүзеге асырады.

Мемлекеттік әріптес

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Саласы

Денсаулық сақтау

Жобаны іске асыру мақсаты

Түркістан қаласында 570 төсекке есептелген көп бейінді стационардан тұратын қазіргі заманғы аурухана және қуаты бір ауысымда 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық корпус құру. МЖӘ жобасын іске асыру Түркістан қаласы мен Түркістан облысында денсаулық сақтауды дамытуға, халыққа қолжетімді медициналық көмек ұсынуға және оның сапасын арттыруға, сондай-ақ медицинада жаңа технологияларды енгізуге және ҚР-да әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқару тәсіліне бағытталған.

Іске асыру кезеңі

Іске асырудың жалпы мерзімі: 7,5 жыл

Инвестициялық кезең: 2020 - 2023 жылдар (2 жыл 6 ай)

Инвестициядан кейінгі кезең: 2023-2028 жылдар (5 жыл)

Жобаның техникалық-технологиялық параметрлері

Жер учаскесінің ауданы 15,63 га құрайды.

570 төсектік көп бейінді стационар.

Қуаты бір ауысымда 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық.

Оң әсерлер

 Денсаулық сақтаудағы қолданыстағы қызметтерді жақсарту және қазақстандық нормаларды халықаралық нормалар мен қазіргі заманғы шарттарға сәйкестік деңгейіне дейін жаңарту. Жоба Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау мекемелері арасында сәулеттік дизайны тұрғысынан жаңа болады, ол медициналық жабдыққа қатысты жаңа пайымды бейнелейді.

 

Жобаның қоршаған ортаға әсері

Жобаны іске асыру қоршаған ортаға теріс әсер етпейді, бұл ретте МЖӘ шартында теріс әсерді азайту шаралары ескерілетін болады.

KPPF-тің Жобадағы  рөлі

Келіссөздер жүргізу, сараптамалардан өту кезеңінде МЖӘ жобасын сүйемелдеу

Қуаттылығы 570 төсектік көп бейінді стационар және бір ауысымда 500 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық корпус салу, ол мемлекеттік әріптес айқындаған медициналық оператордың халықта аурулардың әртүрлі нысандарын диагностикалау және емдеу бойынша жоғары сапалы амбулаториялық-емханалық бейіннің медициналық қызметтерді үздіксіз ұсынуға техникалық қызмет көрсетуді және медициналық-ілеспе қызметтер көрсетуді көздейді. Жекеше әріптес ұсынатын қызметтер тізбесі, олардың сапасының үйлесімділігімен бірге, аурухананың жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті  болуына ықпал етеді. МЖӘ жобасына шетелдік компанияның қатысуы халықаралық тәжірибе мен персоналдың біліктілігі есебінен денсаулық сақтау объектісін басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

МЖӘ объектісін құру 2 жыл және 6 ай (30 ай) ішінде меншікті (МЖӘ объектісі құнының 20% - ы) және жекеше әріптестің қарыз қаражаты (МЖӘ объектісі құнының 80% - ы мөлшерінде) есебінен жүзеге асырылатын болады. МЖӘ объектісі пайдалануға беріліп,  республикалық меншікке өткеннен кейін МЖӘ объектісін техникалық пайдалануды жекеше әріптестің  жүзеге асыруы болжанады.

 

Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы мекенжайы бойынша орналасқан "TURKISTAN" жаңа арнайы экономикалық аумағы