Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы

Жоба туралы

Келісімшарттың түрі

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салуды, жабдықтауды және пайдалануды, сондай-ақ кейіннен мемлекеттік-жекеше әріптестік нысанының мемлекет меншігіне берілуін тұспалдайтын мемлекеттік-жекеше әріптестік шарты

Жобаның бастамашысы

«Қызылорда облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» Мемлекеттік мекемесі тұлғасындағы Қызылорда облысы Әкімдігі

Сала

Әуе көлігі

                                     Жобаны іске асырудың мақсаты

Кемінде 2 телескоптық отырғызу басқышын және сағатына кемінде 250 жолаушыны құрайтын өткізу қабілетін иемденетін Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысын салу және техникалық пайдалану

Іске асыру кезеңі

Ақпарат әзірленуде

Құрылыстың болжалды құны

Ақпарат әзірленуде

Өндірістік көрсеткіштер

Жолаушылар саны, сағатына – 250 адам

Телескоптық отырғызу басқышы – 2 дана

Күтілген нәтиже

Еліміздің ішінде және халықаралық бағыттарға ұшуларды қамтамасыз ететін, ИКАО ұсынымдары мен халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа 2-қабатты терминалының құрылысын салу және техникалық пайдалану.

Орталықтың Жобаға қатысуы

Жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу, конкурс кезеңінде Жобаны сабағаттық сүйемелдеу, МЖӘ шартына қол қоюға жәрдемдесу.

Жобамен Airbus (Аэробус): А-319, А-320-200, А-321 және Boeing (Боинг) В-757-200, В-767-300 секілді және төменірек сыныптағы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, негізгі қызметі аясында оның пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, өнімділігі сағатына кемінде 250 жолаушыларды құрайтын, ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келетін «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысын салу қарастырылуда.

Әуежайдың жаңа терминалын жабдықтау – қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес технологиялық, ақпараттық-технологиялық, арнайы және қосалқы жабдықты қамтитын, жолжүкті өңдеу мен қызмет көрсетудің техникалық құрал кешенін (ТҚК) орнатуды қарастырады. Жолаушыларға қызмет көрсетудің технологиялық үдерісі аясында «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы кемінде екі телескоптық отырғызу басқышымен жабдықталуы тиіс.

«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалының құрылысын салу мен жабдықтауды қаржыландыру үшін Жекеше әріптестің жеке және қарыз қаражатын тарту жоспарлануда. Жобаны іске асырудың базалық сценариі шеңберінде Жекеше әріптес Жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңінде жұмсайтын шығындар оған пайдалану кезеңінде өтемделеді.