Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

Қарағанды қаласындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК жанынан 300 орынға көпбейінді клиникалық аурухананың құрылысын салу және пайдалану

Жоба туралы

Келісімшарттың түрі

Концессионермен концессия нысанының жасалуын және кейіннен концессия нысанының мемлекет меншігіне берілуін көздейтін концессия шарты

Жобаның бастамашысы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Сала

Денсаулық сақтау

Жобаны іске асырудың мақсаты

Қазақстан Республикасы Денаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің студенттерін оқыту үшін, дәрігерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық стандарттарға сай келетін клиникалық база құру жолымен Қазақстан Республикасы жоғары медицина мектебінің дамуына жәрдемдесу

Іске асыру кезеңі

2021-2041 жж.

Құрылыстың болжалды құны

Ақпарат әзірленуде

Өндірістік көрсеткіштер

Аурухана — 300 төсек, Емхана — күніне 300 келуші

Күтілген нәтиже

Осы жоба аясында медицина ғылымының заманауи жетістіктері негізінде студенттерді клиникалық оқыту мен дәрігерлерді қайта даярлаудың толық циклін ұсынатын заманауи көпатқарымды университет клиникасы салынады.

Жобаға KPPF қатысуы

·  Жобаны әзірлеу мен іске асыруда Азия Даму Банкіне жәрдемдесу және сабағаттық сүйемелдеу

ҚР ДСМ планирует Жобаны Концессия шарты аясындағы келісімшарттық мемлекеттік-жекеше әріптестікке сәйкес іске асыруды жоспарлауда. ҚР ДСМ тұлғасындағы мемлекет пен Концессиялық жобаны іске асыру бойынша жекеше әріптестік субъектісінің ынтымақтасуы денсаулық сақтауды, медициналық білім беруді және медициналық ғылымды дамытуға жәрдемдеседі. Жоба әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын қаржыландыруға, құруға және пайдалануға бағытталады.

Қарастырылып жатқан Жоба аясында Концедент Концессионерді таңдау бойынша конкурстың ұйымдастырушысы ретінде әрекет етеді және онымен концессия шартын жасайды. Концессионер Концессия нысанының құрылысын салып, оны мемлекет меншігіне табыстайды. ҚарММУ мемлекеттік заңды тұлға ретінде анықталады және мемлекет меншігіне қабылдануы тиіс Концессия нысаны оның атына бекітіледі. Одан кейін Концессия нысаны Концессионерге пайдалану және иемдену құқығымен Жаңа Университет Ауруханасын әрі қарай техникалық пайдалану үшін табысталады.

Концессия нысанын пайдалануды – Концессия нысанының Техникалық пайдаланылуына жауап беретін Концессионер және Концессия нысанының Операциялық пайдаланылуына жауап беретін ҚарММУ/Медициналық қызметтердің операторы жүзеге асырады.

Концессия шарты 20 жыл мерзімге жасалады және егер Шарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылмайтын болса немесе Концессия щартының талаптарына сәйкес қосымша кезеңге ұзартылатын болса, Концессия щартының қолданылуы бітетін күнге дейін қолданыста болады.

Өз кезегінде, Шарттың қолданылу мерзімі – тараптардың еркіне бағынбайтын жағдайлар орын алған жағдайда ұзартылуы мүмкін, соның ішінде Концессия шартының және Тараптардың қосымша келісімінің талаптарына, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес ерекше жағдайларды қоса алғанда.

Жаңа Университет Ауруханасының құрылысын қаржыландыру үшін жекеше инвесторлардың жеке  және қарыз қаражатын тарту жоспарлануда.

Жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңінде Концессионермен жұмсалатын шығындар оған пайдалану кезеңінде өтемделетін болады. Төлем механизмі ретінде қолжетімділік үшін төлемдер төлеу сұлбасы таңдалды (Концедентпен Концессионерге).

Қолжетімділік үшін төлем Концессия нысанын пайдалануға берген сәттен бастап пайдаланушылық және инвестициялық шығындардың өтемін, сондай-ақ Концессионердің басқарғаны үшін сыйақыны тұспалдайды (соның ішінде меншікті капиталға табыс төлеуді қоса алғанда) және Жаңа Университет Ауруханасының операциялық жүктелуіне қарамастан жекеше тарапқа төленеді. Осылайша, бұл механизмді пайдаланған кезде сұраныс тәуекелі Концедентке өтеді, ал бұл – Жобаның инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады.

Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жоспарланбайды.

Сыйақы ретінде Концессионер табыстылықтың қажет етілетін нормасына қарай қолжетімділік үшін төлем алатын болады. Оның табыстылығы Медициналық қызметтер операторымен көрсетілген медициналық қызметтердің көлеміне байланысты болмайды, бірақ нысанды пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтің пен жабдыққа сервистік қызмет көрсетудің сапасына байланысты болады. Қолжетімділік үшін төлемды қолдану халықаралық тәжірибеге және ҚР заңнамасына сәйкес келеді. Қолжетімділік үшін төлемдерді қолдану қажеттілігінің жан-жақты негіздемесі осы бөлімде төменде келтірілген.

Жоба аясында Концедент Концессия нысанының Концессионермен мемлекет меншігіне берілген сәтінен бастап, концессия шартының қолданылу мерзімі біткенге дейінгі кезеңде Концессиялар туралы заңға сәйкес Концессионерге келесі төлемдерді жасайтын болады:

- Инвестициялық шығындардың өтемі;

- Пайдаланушылық шығындардың өтемі;

- Басқарғаны үшін сыйақы.

Инвестициялық шығындардың өтемі Концессионерге Концессия нысанын құруға жұмсалған шығындарын өтеу үшін – олардың көзіне қарамастан төленеді.

Пайдаланушылық шығындардың өтемі Концессионерге Концессия нысанын басқару жөніндегі қызметтерді көрсетумен байланысты жұмсалған шығындарды өтеу үшін төленеді. Сонымен қатар, барынша үздік сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында, концессия шартымен коммерциялық жабу сәтіне жоспарланған шығындармен салыстырғанда іс жүзіндегі шығындарға дейін пайдаланушылық шығындар өтемінің төлемдерін төмендетпеу көзделуі мүмкін.

Басқарғаны үшін сыйақы Концессионерге Концессия нысанын басқару жөніндегі қызметтер үшін төленеді және олар келесілерді қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді:

- Концессия нысанының жобалануын басқару;

- Концессия нысанының құрылысын басқару;

- қолданылуын басқару – Медициналық оператордың Концессия нысанын тікелей тағайындалу мақсатына сай пайдалануымен байланысты қызметтерді, сондай-ақ қосымша және ілеспе қызметтерді ұсыну (көрсету) бойынша бүкіл операциялар кешенін жүзеге асыру үдерісі (мысалы күзет, клининг, қалдықтарды пайдаға асыру және басқ.);

- техникалық қызмет көрсету мен пайдалануды басқару.

Басқарғаны үшін сыйақының іс жүзіндегі төлемдері концессия шартында көзделгеннен – қолданылған айыппұлдық шегерулер сомасына өзгешеленуі мүмкін. Бұл ретте айыппұлдық шегерулердің көлемі концессия шартының талаптарына сәйкес, Концессия нысанын басқару жөніндегі қызметтердің іс жүзіндегі сапасының ескерілуімен анықталады.

Концессиялар туралы заңға сәйкес (7 бап, 2 тарм.), концессия нысанына қолжетімділік үшін төлем бюджетті орындау бойынша уәкілетті органмен анықталған тәртіпте жүзеге асырылады және концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, Концессиялар туралы заңның 7 бабы 1 тармағының 3, 4 және 5 тармақшаларында көзделген бюджеттік қаражаттың есетбінен жасалатын төлемдерді қамтиды. Концессиялар туралы заңның 1 бабына сәйкес, концессиялық жоба ретінде шектеулі уақыт кезеңі бойына іске асырылатын концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы түсіндіріледі. Сондай-ақ Концессиялар туралы заң мынаны көздейді: концессия ретінде концессия нысанын құру мен пайдалануға бағытталған қызмет түсіндіріледі. Осылайша, Концессиялар туралы заң концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі барысында қолжетімділік үшін төлем жасау мүмкіндігін қарастырады (концессия нысанының құрылысын салу сәтінен бастап, пайдалануды аяқтау сәтіне дейін).

Сондай-ақ Концессиялар туралы заң бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органмен анықталған нормаларға сәйкес қолжетімділік үшін төлемнің жүргізілу тәртібіне сілтеме жасайды. Мысалы, ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 Бұйрығымен бекітілген Бюджетті орындау және оған кассалық қызмет көрсету ережелеріне сәйкес (9-параграф. Концессия нысанының қолжетімділігі үшін төлем төлеу тәртібі), концессия нысанының қолжетімділігі үшін төлем концессионердің шығындарын өтеудің және оның табыс алуының  көзі болып табылады, ол бюджеттік қаражаттың есебінен, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің бүкіл сомасының белгілі үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізіледі.

Осылайша, қолжетімділік үшін төлем төлеу – Концессия нысаны пайдалануға берілген сәттен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.