Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.

Қызылорда қаласындағы «СПМК-70» алаңында 200 орындық жатақхана бар «Құрылыс-тұрмыстық техника» профилінде 600 орынға арналған колледж

Жоба туралы

Келісімшарттың түрі

Концессионермен концессия нысанының жасалуын және кейіннен концессия нысанының мемлекет меншігіне берілуін көздейтін концессия шарты

Жобаның бастамашысы

«Қызылорда облысының білім басқармасы» Мемлекеттік Мекемесі тұлғасындағы Қызылорда облысы Әкімдігі

Сала

Білім беру

Жобаны іске асырудың мақсаты

Орта білім беру ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қоғамлық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында Қызылорда қаласында құрылыс бағытындағы озық мамандандырылған колледж құру (жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім)

Іске асыру кезеңі

2019-2029 жж.

Құрылыстың болжалды құны

3 139 264 мың теңге

Өндірістік көрсеткіштер

Колледж  — 600 орын, Жатақзана — 200 орын

Күтілген нәтиже

Қызылорда қаласында құрылыс бағытындағы озық мамандандырылған колледж құру және сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету.

Жобаға KPPF қатысуы

Жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу, конкурс кезеңінде Жобаны сабағаттық сүйемелдеу, Концессия шартына қол қоюға жәрдемдесу.

«Қызылорда облысының білім басқармасы» ММ Концессия шарты аясындағы келісімшарттық мемлекеттік-жекеше әріптестікке сәйкес іске асыруды жоспарлауда. «Қызылорда облысының білім басқармасы» ММ тұлғасындағы мемлекет пен Концессиялық жобаны іске асыру бойынша жекеше әріптестік субъектісінің ынтымақтасуы білімді дамытуға жәрдемдесетін болады. Жоба әлеуметтік инфрақұрылым қамтамасыз ету инфрақұрылымын қаржыландыруға, құруға және пайдалануға бағытталады.

Қарастырылып жатқан Жоба аясында Концедент Концессионерді таңдау бойынша конкурстың ұйымдастырушысы ретінде әрекет етеді және онымен концессия шартын жасайды. Концессионер Концессия нысанының құрылысын салып, оны мемлекет меншігіне табыстайды. Концессия нысаны мемлекет меншігіне қабылдауға жататын «Қызылорда облысы білім беру басқармасының Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» КМҚК атына бекітіледі. Одан кейін Концессия нысаны Концессионерге пайдалану және иемдену құқығымен «Қызылорда қаласы СПМК – 70 ауданында 200 орындық жатақханасымен бірге коммуналдық шауруашылық және құрылыс» бейіні бойынша 600 орындық жаңа Колледжді әрі қарай техникалық пайдалану үшін табысталады.

Концессия нысанын пайдалануды – Концессия нысанының Техникалық пайдаланылуына жауап беретін Концессионер және Концессия нысанына сәйкес оқыту үдерісінің ұйымдастырылуына жауап беретін «Қызылорда облысы білім беру басқармасының Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» КМҚК жүзеге асырады.

Концессия шарты 10 жыл мерзімге жасалады және егер Шарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылмайтын болса немесе Концессия щартының талаптарына сәйкес қосымша кезеңге ұзартылатын болса, Концессия щартының қолданылуы бітетін күнге дейін қолданыста болады.

Өз кезегінде, Шарттың қолданылу мерзімі – Концессия шартының және Тараптардың қосымша келісімінің талаптарына, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

Концессия нысанының құрылысын қаржыландыру үшін Концессионердің жеке және қарыз қаражатын тарту жоспарлануда.

Жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңінде Концессионермен жұмсалатын шығындар оған пайдалану кезеңінде өтемделетін болады. Төлем механизмі ретінде қолжетімділік үшін төлемдер төлеу сұлбасы таңдалды (Концедентпен Концессионерге).

Қолжетімділік үшін төлем Концессия нысанын пайдалануға берген сәттен бастап пайдаланушылық және инвестициялық шығындардың өтемін, сондай-ақ Концессионердің басқарғаны үшін сыйақыны тұспалдайды және Концессионерге төленеді. 

Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жоспарланбайды.

Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» ЗАңның 7 бабына сәйкес, шығындарды өтеу көздері келесілер болып табылады:

1) концессия нысанын пайдалану барысында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда мемлекеттен көмекқаржы;

3) жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемі;

4) жоба бойынша пайдаланушылық шығындардың өтемі;

5) мемлекеттік меншіктегі концессия нысанын басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы;

6) қолжетімділік үшін төлем».

Жобаны іске асыру шеңберінде «Қолжетімділік үшін төлем» механизмін қолдану тұспалдануда, ол инвестициялық шығындардың өтемін, пайдаланушылық шығындардың өтемін және концессия нысанын басқарғаны үшін сыйақыны төлеуді қамтиды.

Инвестициялық шығындардың өтемінің есебі Концессия нысанының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталған концессия нысанының құнына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығымен бекітілген шығындарды өтеу көздері мен концессионерлерді мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнына және концессия мерзіміне негізделеді.

Пайдаланушылық шығындардың өтемі колледж қызметінің шығындарының есебіне қарай анықталады және білім беру қызметін қоспағанда нысанды тікелей пайдаланумен байлаынсты шығындарды ғана қамтиды.

Нысанды басқарғаны үшін сыйақы нысанды пайдалану кезеңінде төленетін меншікті капиталға аралас сыйақыны және аға борыш бойынша сыйақыны қамтиды.

Басқарғаны үшін сыйақының іс жүзіндегі төлемдері концессия шартында көзделгеннен – қолданылған айыппұлдық шегерулер сомасына өзгешеленуі мүмкін. Бұл ретте айыппұлдық шегерулердің көлемі концессия шартының талаптарына сәйкес, Концессия нысанын басқару жөніндегі қызметтердің іс жүзіндегі сапасының ескерілуімен анықталады.

В соответствии с пунктом 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан «О Концессиях» (далее – Закон о концессиях) плата за доступность объекта концессии осуществляется в порядке, определенном уполномоченным органом по исполнению бюджета, и включает выплаты за счет бюджетных средств, предусмотренных пп. 3,4 и 5 п. 1 статьи 7 Закон о концессиях, производимые в виде единых платежей определенными долями от общей суммы выплат в течение всего срока реализации концессионного проекта. Согласно статье 1 Закон о концессиях под концессионным проектом понимается совокупность мероприятий по осуществлению концессии, реализуемой в течение ограниченного периода времени. Также Закон о концессиях предусматривает, что под концессией понимается деятельность, направленная на создание и эксплуатацию объекта концессии. Таким образом, Закон о концессиях предусматривает возможность осуществления платы за доступность на протяжении всего срока реализации концессионного проекта (с момента строительства до момента окончания эксплуатации объекта концессии).

Также Закон о концессиях ссылается на порядок осуществления платы за доступность в соответствии с нормами, определенными уполномоченным органом по исполнению бюджета. Так, в соответствии с  Правилами исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденными Приказом Министра финансов РК от 4 декабря 2014 № 540 (Параграф 9. Порядок выплаты платы за доступность объекта концессии), плата за доступность объекта концессии является источником возмещения затрат и получения доходов концессионером, которая производится за счет бюджетных средств, в виде единых платежей определенными долями от общей суммы выплат в течение всего срока реализации концессионного проекта.

Таким образом, выплаты платы за доступность могут осуществляться с момента ввода в эксплуатацию Объекта концессии.